Аграрлық факультетінің студенті Қазақстанға каратэден алтын әкелді

2023 жылдың 24 қарашасында Астанада алғаш рет Belline Arena-да 10 шет елден 800 спортшының қатысуымен каратэ-додан әлем чемпионаты өтті. Аграрлық факультеттің «Кадастр» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті А.Нұрмағанбет алтын медаль иегері атанды. Аман Нұрмағанбеттің каратэмен айналысқанына 8 жыл болды. Ағымдағы жарыста ол 57 келі салмақта (көк белбеу) сынға түсіп, дене дайындығын, төзімділігін және техникалық шеберлігін көрсетті. Аман финалда Португалия спортшысымен күш сынасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

«Бұл турнир өте қиын болды, менің бәсекелестерім Ресей, АҚШ, Пәкістан, Жапония, Үндістан, Португалия, Италия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің мықты әрі салмақты спортшылары болды. Ал осындай салмақты жекпе-жекте жеңіске жетіп, алтын алғаным мені шабыттандыратыны сөзсіз. Бұл менің ғана емес, бүкіл қазақ халқының жеңісі деп білемін. Каратэге келгенімде Қазақстанның туын көкке желбіретсем деген арман болды. Арман орындалды, әлем чемпионы атандым. Мен бақыттымын! Мені қолдаған отбасыма, достарыма, ұстаздарыма алғысым шексіз! Алдағы уақытта көк байрағымызды биікке желбіретемін», – дейді Аман Нұрмағанбет.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.