Аграрлық факультет басшылығының қолдауымен «Жасыл ел - жаңа ел болашағы» атты AGRO CUP V ашық-аймақтық пікірсайыс турнирі өтті

2023 жылдың 25 қарашасында Аграрлық факультет басшылығының қолдауымен жастар арасында шешендік сөйлеу мәдениетін, толеранттылықты, қоғамдағы маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдауды, құқықтық сауаттылықты арттыру, сонымен қатар дебаттар арқылы кешенді мониторингтік зерттеулер жүргізу мақсатында «Жасыл ел – жаңа елдің болашағы» AGRO CUP V ашық аймақтық пікірсайыс турнирі өтті. Іс-шараны факультет деканы Г.Р. Тастанбекова ашып, азаматтық жауапкершілігі жоғары, парасаттылығы жоғары ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамытуда мұндай турнирдің маңыздылығын атап өтті. Турнирге Қазақстанның 18 жоғары оқу орнынан 70-тен астам студент қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша АП форматында 1 орынды «Фемида» фракциясы - Әуешов Аманжол, Құнанбек Жеңіс; 2 орын «TVA» фракциясы – Қалдыбай Рауан, Абдулла Жанболат; 3 орынды «Даналық» фракциясы – Есенгелді Жасұлан, Тенес Мейрамбек және «Шам» фракциясы – Сейілбек Ақарыс, Ахмедов Әсет бөлісті. ЛД форматында «Ең үздік спикер» Әуешов Аманжол, «Үздік спикер» Құнанбек Жеңіс; «Ең үздік төреші» – Жәнібек Сабина; «Үздік төреші» – Қосыбай Дәулет.

Жүлде иегерлеріне арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.