Аграрлық факультетінде «Сенің жарқын болашағың - ғылымда» атты ашық есік күні өтті

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру және өз бетінше ізденушілік әрекет дағдыларын дамыту мақсатында 2024 жылдың 29 ақпанында Аграрлық факультетінің мәжіліс залында студенттік ғылыми үйірмелер арасында «Сенің жарқын болашағың – ғылымда» атты Ашық есік күні өтті. Салтанатты шараға декан Г.Р. Тастанбекова, Академиялық ғылым департаментінің директоры У.Б. Назарбек, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының бөлім басшысы Ж.М. Сейсенбаева, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің ғылыми үйірмелерінің жетекшілері мен қатысушылары қатысты.

6 командаға арналған сайыс екі кезеңнен тұрды: I кезең – үйірмелердің қызметін таныстыру; II кезең – үйге тапсырма- ғылыми бағыты мен мамандығы туралы көрініс.

Жиналған ұпай саны бойынша қазылар алқасы 3 жүлделі орынды анықтап, оларға ақшалай сертификаттар берілді. Ғылыми үйірмелер арасында үздік нәтижелерді келесі командалар көрсетті: «Ветеринариялық медицина» кафедрасынан «Сұңқар» (30 000 теңгенің сертификаты); «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасынан «Гүл- жердің көркі» (20 000 теңгенің сертификаты) және «Тұлпар» (15 000 теңгенің сертификаты). «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының қалған үш командасына кино билеттері табыс етілді.

Студенттерімізді құттықтаймыз және оларға ғылыми жетістіктер тілейміз!


Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.