Аграрлық факультетінде жұмыс берушілермен жаңа білім беру бағдарламалары талқыланды

2023 жылдың 11 желтоқсанында Аграрлық факультетте факультет деканының, комиссия мүшелерінің және жұмыс берушілердің қатысуымен Академиялық комитеттің дөңгелек үстелі өтті. Шарада 2024-2025 оқу жылына жоспарланған жаңа білім беру бағдарламалары талқыланды. Академиялық сапа комитетінің төрайымы, доцент С.Е. Төлеметова «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының «Сәндік көгалдандыру және ландшафтты дизайн» жаңа инновациялық БББ; «Ветеринарлық медицина» кафедрасының магистратура ашу үшін «Ветеринарлық медицина» БББ қайта даярлау және «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының Ресей халықтар достығы университетімен бірлесіп «Геодезиялық және кадастрлық жұмыстардың технологиясы» жаңа қосдипломды магистратура бағдарламасы дайындығы туралы презентация жасады.

Сындарлы диалог барысында білім беру бағдарламаларының мазмұны және олардың білім беру траекториясы талқыланды, ұсынылған БББ түлегінің моделі қарастырылып, ұсыныстар енгізіліп және құнды кеңестер алынды. Дөңгелек үстел отырысының соңында жұмыс берушілердің ұсыныстары мен кеңестерін ескере отырып, талқыланған білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру және сараптамаға жіберу туралы шешім қабылданды.

Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.