Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі

Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесіне орай Аграрлық Факультет қабырғасында 15-16-17 күндер аралығында "Қош Келдің-Әз-Наурыз!" атты мерекелік көркем іс-шарасы өтті.
Іс-шара 3 күнге созылды:
15 наурыз күні  "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" тақырыбында Эссе жазу✍ бағытында турнир ұйымдастырылды✅
Эссе турнирінің қорытындысы төмендегідей:
 I орын
Махмудова А.Ы.
 II орын
Жумабекова Н.
 III орын
Мұхамедәлі Д.
Жүлделі орындардан бөлек, ақылды да зерделі студенттерімізді қатысқаны үшін алғыс хаттар? табысталды.

16 наурыз күні "Күш бірлікте" атты спорттық турнир аясында Аграрлық факультеттің палуандары өз күшін? сынап көрді.
Спорттық турнирдің қорытындысы төмендегідей:
 Арқан тартыс ойынының жеңімпаздары:
 I орын
"Тұран" құрамасы
 II орын
"Қыран" құрамасы
 III орын
"Сұңқар" құрамасы
 
Қол күрес ойыны бойынша:
 I орын (4000₸)
Ақжігітов Али
 II орын (2000₸)
Раис Зауытбек
III орын (1000₸)
Пернебай Мұратбек
 Барлық қатысушыға бағалы сыйлықтар, сондай-ақ алғыс хаттармен марапаттар беріліп, барша жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз?

17 наурыз "Қош келдің-Әз-Наурыз" атты мерекелік кешіміз өтті. Мерекелік кеште ән шырқап, би билеп, "Тұсау кесер" рәсімінің жасалу реті көрсетілді. Көрермендер арасында "жақсы ниетпен, тек жақсылықта жолыққанша, жұғысты болсың" деп шуылдақтар таратылып, ақсақалдар өз батасын берді. Турнир қатысушылары, сондай-ақ факультетіміздің белсенді студенттері алғыс хаттармен марапаттылып, өз сыйларын алды.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.