Халықаралық ынтымақтастық

«Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасында Халықаралық қатынастар жұмыстары бойынша алыс және жақын шет елдерден шақырылған ғалымдардың лекциялары ұйымдастырылды:

2019 жылдың сәуір айында Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің «Көкөніс, бақша және картоп шаруашылығы» кафедрасының профессоры, а.ш.ғ.д., Досмуратова Саодат Исмаиловнаның төмендегі тақырыптардағы дәрістері оқылды: «Значение овощей для функционального питания»; «Сортовое разнообразие дынь Узбекистана для обогощения генофонда».

Осы өзбекстандық университетінің «Егіншілік және мелиорация» кафедрасының профессоры, а.ш.ғ.д., Норкулов Усмон, доценты а.ш.ғ.к., Насиров Бахтиярдың «Способы повышения плодородия орошаемых почв» тақырыбындағы дәрістері тыңдалды.

2019 жылдың күзгі семестрінің аяғында  желтоқсан айында «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының студенттері және профессор-оқытушылар құрамы Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институтының профессоры, б.ғ.д., Грудина Наталья Владимировнаның ұйымдастырған «Иондаушы сәулелердің тірі ағзалар және жүйелермен әрекеттесу  механизмдерінің заманавий теориясы. Иондаушы сәулелердің биологиялық ұлпалар, жасұшалар, тұтас ағзаға әсер етуі» тақырыбындағы Дөңгелек үстелге қатысты.

Украина елінің Харьков мемлекеттік университетінің «Тоңазытқыш, сауда технологиясы және қолданбалы механика кафедрасының (ХГУПТ)» меңгерушісі, Халықаралық тоңазытқыш Академиясының академигі, т.ғ.д. В.Г.Потаповтың өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау технологиясы жөнінде лекциясы ұйымдастырылды.

Алыс және  жақын шет ел мемлекетттерінің  ЖОО-ларымен арнайы пәндер мен іс-тәжірибелер өткізу жөнінде келісім шарттар түзілу және қарым-қатынас орнату жұмыстары жалғастырылды. Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Татарстан жоғары оқу орындарымен келісім шарттар түзілді және ұзартылды.

  2020 жылдың  күзгі  семестрінде  «Топырақтану» пәні бойынша «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасы  Халықаралық қатынастар жұмыстары бойынша Мәcкеу қалаcындағы К.А.Тимирязев  атындағы Ауылшаруашылық Академияcының профессоры,  ауылшаруашылық ғылымдарының  докторы Борисов Б.О.  агроном-cтуденттерге лекциялар оқыды. Осы кафедра аға оқытушылары: б.ғ.к. Р.О.Жумабаева  және а.ш.ғ.к.Б.А.Мурзабаевпен  біріккен авторлықпен Реcейлік баcылымына ғылыми мақала берілді.

2021 жылдың  наурыз айында «Интенсивті жеміс бауларын Қазақстанның  оңтүстігінде өсірудің  технологиясы» атты мақаланы  жоғарыда аталған Ресейлік Ауылшаруашылық ЖОО ғалымы Б.О. Борисовпен  кафедра аға оқытушылары б.ғ.к. Р.О.Жумабаева және а.ш.ғ.к.Л.Қ.Есенгелдиева бірлесе дайындап, «Қазақтану» Халықаралық басылымына берді.


Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.