Жаңалықтар
Аграрлық факультетте №2 және №5 жатақханаларда тұратын студенттер арасында үстел теннисінен жарыс өтті
2023 жылдың 14 желтоқсанында 9 корпустың спорт залында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және Аграрлық факультетінің 20 жылдығына арналған №2 және №5 жатақханаларда тұратын студенттер арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – студенттердің денсаулығын сақтау және алдын алу, салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау, жасөспірімдерді әлеуметтендіру.
Жарыстың ресми жабылу салтанатында командалар алған орындарына сәйкес дипломдармен марапатталды.
Бұл спорттық іс-шараны өткізу Аграрлық факультеті басшылығының қолдауынсыз мүмкін болмас еді.