Жаңалықтар
Аграрлық факультетінің ғалымы шетелдік әріптестерімен бірлесіп оқу құралдарын шығарды
«Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Аграрлық факультетінің «Ветеринарлық медицина» кафедрасының доценті Ибрагим Тұтқышбай дүние жүзіндегі бес іргелі оқу орнының ғалымдарымен бірлесе отырып, «Микробиоценоз в раневом процессе», «Раны и раневой микробиоценоз» атты оқу құралдарын шығарды. Оқу құралдары «Ветеринария» мамандығының профессорлық-оқытушылық құрамы, PhD докторанттары, магистранттары мен студенттеріне арналған.