Жаңалықтар
Аграрлық факультетінің ғалымдары Ұлттық баяндама жобасын талқылады
2023 жылдың 4 қазанында Аграрлық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен жас ғалымдары «Сапалы білім баршаға қолжетімді» Ұлттық баяндама жобасын талқылауға қатысты. Жиынды ашқан факультет деканы Гүлнәр Тастанбекова Ұлттық баяндама жобасының басым бағыттарына тоқталды.
«Бұл құжат білім мен ғылымның шұғыл шешімдерді қажет ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған өзекті мәселелерін қозғайтындықтан, біз оны жұмыс берушілермен және білім саласындағы сарапшылармен бірге қарастыруымыз керек», - деді Гүлнәр Тастанбекова.
Жиын барысында кафедра меңгерушілері П.С. Султанбекова, Ә.Қ. Жылқыбаев, А.Т. Күзербаева білім беру мазмұнын өзгертуге және ғылыми кадрларды даярлауды жақсартуға байланысты пікірлерін білдірді.