Жаңалықтар
Аграрлық факультетте қайырымдылық күні аталып өтті
- Қаралды: 345
2024 жылдың 15 наурызында Қайырымдылық күні аясында Аграрлық факультетінің студенттік белсенділері мен деканаты арнайы құттықтау шарасын өткізді. Олар қасиетті Рамазан айында ауызашарға арнап сый-сияпат жасап, жатақханада тұратын студенттерге таратты.
Студенттермен кездесуде факультет деканы Гүлнәр Рахымбердіқызы қайырымдылықтың тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, адамды жылы сөзбен жігерлендіріп, рухани қолдауда да маңызы зор екенін атап өтті. Бұл өскелең ұрпаққа үлгі болып, олардың жанашырлық пен көмекке деген құштарлығын арттыратын игі дәстүр.