Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультетінің базасында «Республикалық топырақ орталығы» ЖШС агрохимиялық зертханасының ашылуы
- Қаралды: 274
14 маусымда «Республикалық топырақ орталығы» ЖШС Аграрлық факультетінің базасында агрохимиялық зертхананың ашылу салтанатын өткізді. Аграрлық факультетінің деканы м.а. Тастанбекова Гүлнәр мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бірінші санатындағы сарапшы-бас маманы Нұрлыбек Боранбаев қызыл лентаны кесті. Сондай-ақ, рәсімге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Egistic» IT-компаниясының, фермерлік шаруашылықтардың басшылары мен өкілдері, «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының қызметкерлері қатысты. Орталық директоры Жәнібек Акбар аталған зертхананың мақсаты - Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің ауыл шаруашылығын, цифрлық егіншілікті дамыту, агроөнеркәсіп саласындағы құзыреттілікті кеңейту, фермерлерге топырақтың құнарлылығын жақсарту және өнімділікті арттыру бойынша жәрдемдесу, сондай-ақ топырақтанушы-агрохимик студенттерді даярлау кезінде пайдалану деп санайды.