Аграрлық факультет ғалымдарының бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуы мәселелері бойынша жұмыс кездесулері

2023 жылдың шілде айында Аграрлық факультет ғалымдарының Биотехнология орталығының басшысы Нурадин Алибаев пен технологияларды, инновацияларды қолдау және зияткерлік меншікті қорғау орталығының директоры және бастығы Абдилла Саиповтың қатысуымен №96 ғылыми-техникалық тапсырма бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу мәселелері бойынша бірнеше жұмыс кездесулері өткізілді.
Кездесулер барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне ғылыми-практикалық өтінім жазу бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Нәтижесінде факультет ғалымдары ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру, күтіп-бағу, өсімін молайту және селекциялаудағы инновациялық технологиялар; негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және селекциялау технологиялары; тәжірибелік модульдік өндірістер құра отырып, органикалық ауыл шаруашылығы қағидаттарына негізделген жануарлар мен өсімдік шикізатын қайта өңдеу технологиялары бойынша 7 жобаны ұсынды.

Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.