Жетістіктер және жүлделер

Жетістіктер

«8-наурыз-Халықаралық әйелдер» күні мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақты білімге және ғылымға баулуда, тәлім-тәрбие беруде қосқан зор үлесі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ректоры Д.Қожамжаровадан кафедра меңгерушісі Күзербаева Айсұлу Тұрмаханбетқызы алғыс хат алды.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан «Ветеринарлық медицина» кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.д- Қожабаев Мәжіт Қожабаевич «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

«Рухани жаңғыру» бойынша «ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» арнайы жобасына қатысқаны және ҚР ғылымын ілгерілтудегі ерен еңбегі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ректоры Д.Қожамжаровадан  в.ғ.к., доцент- Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлы арнайы сертификат пен куәлікке ие болды.

2019-2020 жылдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу шеңберінде профессионалды еңбегі үшін ҚР БҒМ және ұтқырлық орталығының директорынан «Ветеринарлық медицина» кафедрасының а.ш.ғ.к.- Тулеметова Сейсенкул Ертаевна арнайы алғыс хатпен марапатталды.

1. Кафедрамыздың аға оқытушысы. Жоғары мектептің кәсіподақ комитетінің төрайымы Оспанова М.С. Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер төсбелгісімен және құрмет тақтасына ілініп, құрмет грамотасымен марапатталды.

   

3. БжҒМ шешімімен б.ғ.д., профессор Ильясов Б. (2012) «Үздік оқытушы» грант иегері атанды.

4. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде кафедра ғалымдары 1 патент, 6 инновацилық патент, 2 авторлық куәлік иегері болды, 6 ұсыныс дайындалып өндіріске ұсынылды;

5. Профессор-оқытушылар құрамы соңғы 3жылда 4 монография, 6 оқулық және 8 оқу құралдарын ҚР БжҒМ грифімен баспадан шығарды.

6. Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Францияның Тулуза Ұлттық ветеринариялық мектебінің (ENVT) қатынасуымен орындалып отырған Twinning-жобасының көлемінде 2017 жылы 29 наурыздағы Тулуза Ұлттық ветеринариялық мектебінің деканы  Isabelle Chmitelin ханымның шақыруына сәйкес, Құрбанова Айсұлу Саимқызы Тулуза қаласында 2017 жылы  17 сәуір мен 27 мамыр аралығында біліктілігін жоғарылатты.