Жетістіктер мен жүлделер

17-24.08.2021 аралығында Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында Аграрлық факультеті, Ветеринарлық медицина кафедрасының АП-17-8дк3 тобының студенті Сарыбай Ердаулет Жастар арасында 1 орын (оң қол), 2 орын (сол қол), Ересектер арасында екі қолдан да 2 орын алды!

 "Биотехнология" және "Ветеринарлық медицина" кафедралары бірлесіп магистратура бойынша жасаған 7М05126 - Ветеринарлық биотехнология білім беру бағдарламасының презентациясы болып, сәтті өтті! Білім беру бағдарламасын жұмыс беруші ретінде ҚР АШМ ВБжҚК "Республикалық ветеринарлық зертхана" ШЖҚ РМК, Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалының бактериолог, ветеринарлық дәрігері Туйтенова Гулнара Абишевна және проректер, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшылығы және кафедра меңгерушілері мен ПОҚ талқылап Университеттің ғылыми кеңесіне бекітуге ұсынды!

13-18.03.2021 күндері Талғар қаласында Жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында Ветеринарлық медицина кафедрасының АП-17-8дк3 тобының студенті Сарыбай Ердаулет Асанұлы жүлделі 1 орынды иеленді!

 2021 жылы Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы ардагерлер Кеңесі» тарапынан «Ветеринарлық медицина» кафедрасының аға оқытушысы Шалбаев Нурмахан Кожамбергенович «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды. 

 «8-наурыз-Халықаралық әйелдер» күні мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақты білімге және ғылымға баулуда, тәлім-тәрбие беруде қосқан зор үлесі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ректоры Д.Қожамжаровадан кафедра меңгерушісі Күзербаева Айсұлу Тұрмаханбетқызы алғыс хат алды.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан «Ветеринарлық медицина» кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.д- Қожабаев Мәжіт Қожабаевич «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

«Рухани жаңғыру» бойынша «ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» арнайы жобасына қатысқаны және ҚР ғылымын ілгерілтудегі ерен еңбегі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ректоры Д.Қожамжаровадан  в.ғ.к., доцент- Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлы арнайы сертификат пен куәлікке ие болды.

2019-2020 жылдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу шеңберінде профессионалды еңбегі үшін ҚР БҒМ және ұтқырлық орталығының директорынан «Ветеринарлық медицина» кафедрасының а.ш.ғ.к.- Тулеметова Сейсенкул Ертаевна арнайы алғыс хатпен марапатталды.