Тәрбие жұмыстары

Кафедра 10 бағыт бойынша тәрбие жұмысын жүргізеді:

  1. 1.Ұйымдастырушылық жұмысы
  2. 2.Азаматтық-патриоттық, құқықтық тәрбие
  3. 3.Рухани- адамгершілік тәрбие
  4. 4.Еңбек және кәсіптік тәрбие
  5. 5.Діни толеранттылықты қалыптастыру
  6. 6.Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулықты қорғайтын ортаны қалыптастыру
  7. 7.Экологиялық тәрбие
  8. 8.Интеллектуалды және коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
  9. 9.Мәдени-эстетикалық тәрбие
  10. 10.Студенттік өзін-өзі басқару және жастар бастамасын қалыптастыру

 

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының тәрбие жұмысының 2020-2021 оқу жылының бірінші жарты жылдық ЕСЕБІ

 

Аграрлық факультеттің «Су ресурстары ,жерді пайдалану және агротехника» кафедрасында 6В08610, 5В080500 – Су ресурстары және суды пайдалану, 6В08510,5В080600 –Аграрлық техника және технология, 6В07350, 5В090300 Жерге орналастыру, 6В07360, 5В90700 Кадастр  мамандықтары бойынша  академиялық топтар және оның ішінде грантта, ақылы негізде оқитын  студенттер туралы мәлімет.

 «Су ресурстары ,жерді пайдалану және агротехника» кафедрасында  407- студент білім алуда. Олардың  362- білім грантында, ал қалған 45-і ақылы негізде оқиды, 16 шетел азаматы ақылы негізде оқиды.

Жалпы академиялық топтар саны – 40, оның ішінде

қазақ топтары- 26;

орыс-14;

қысқартылған топтар-1.

 

2020-2021 оқу жылының жылдық қорытындысы бойынша   кафедрада мына төмендегідей 10 бағыт бойынша жұмыстар орындалды.

  1. 1.Ұйымдастырушылық жұмысы
  2. 2.Азаматтық-патриоттық, құқықтық тәрбие
  3. 3.Рухани- адамгершілік тәрбие
  4. 4.Еңбек және кәсіптік тәрбие
  5. 5.Діни толеранттылықты қалыптастыру
  6. 6.Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулықты қорғайтын ортаны қалыптастыру
  7. 7.Экологиялық тәрбие
  8. 8.Интеллектуалды және коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
  9. 9.Мәдени-эстетикалық тәрбие
  10. 10.Студенттік өзін-өзі басқару және жастар бастамасын қалыптастыру

 

1.Ұйымдастыру  жұмыстары.

1.) Хаттама №1  28. 08. 2020ж. Оқу жылының 1-ші  жарты жылдығында  кафедраның  топ студенттеріне кейбір ауысымдағы топтарға топ тәлімгерлер мен тәлімгерлік сағаттар кафедра мәжілісінде қаралып бекітілді. Сондай-ақ  кафедраның тәрбие жұмыстарын тексеру кестесін құруы, тәлімгерлер жүргізетін тәрбие жұмысының барысын бақылау және мониторинг жүргізу (ТЖ жоспары, жеке жоспарлар, тәлімгерлер журналы, тәлімгер сағаттары кестеге сай орындалды. Студенттерге кафедраның  профессор оқытушылары мен факультет  декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері 1-курс студенттерін  «Білім күнімен» құттықтап, топтарға топ тәлімгерлері таныстырылып, топ басшылары тағайындалып, университеттің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып  өтті.

2.)  Хаттама №1  28. 08. 2020 ж. Кафедраның аға тәлімгері мен кафедра меңгерушісі  академиялық топтардың тәлімгерлерін тағайындап 1- курс студенттерін топ тәлімгерлерімен таныстырып, тәлімгер сағаттары мен сабақ кестелерімен танысу апталығы орындалды.

3.)  Хаттама №2  25. 09. 2020 ж  Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» университет факультеттерінде, жоғары мектептерінде,  насихаттауды онлайн режимінде өткізді. АП-17-4тк тобы, топ тәлімгері Сейдиров Н.

4.)  Хаттама №2  25. 09. 2020 ж  «Мамандығым мақтанышым» атты тақырыпта  тақырыбында  4 курс топтарымен Кәсіпорын басшыларымен кездесу іс шараларын жоспардан тыс   орындады.

5.) Хаттама №2  25. 09. 2020 ж  ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ұсынған «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша топ студенттер арасында тәлімгер сағаттары орындалды.

 

2. Азаматтық - патриоттық  және  құқықтық тәрбие.

6.)  Хаттама №2   11.09.2020ж.   ҚР Конституциясына күніне арналған «Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата заң» атты тақырыбында онлайн іс-шара өткізді. АП-19-5к тобы, топ тәлімгері Уразбекова М.

7.)  Хаттама №2   18.09.2020ж. «Заңды білу – заман талабы» атты тақырыпта ашық тәлімгер сағаты АП-19-4к Нұрмашева Г., АП-19-4тк Абашев М., топтар арасында орындалды.

8.) Хаттама №3  09.10.2020ж. «Сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне  төзбеушілікті қалыптастыру, оның алдын алу және онымен күрес» тақырыптарында  тәрбие сағаты барлық топтарда орындалды.

9.)    Хаттама №4  25. 11. 2020 ж.  Ұстаздар күніне орай іс-шара ұйымдастырып онлайн онлайн іс шара өткізді өтті. АП-17-4к тобы, тәлімгері Ермаханов Н.Н.

10.)  Хаттама 3 19.10.2020ж.   «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ұстаз – ұрпақ тірегі» атты тақырыпта онлайн ашық тәлімгер сағатын өткізді. АП-17-4р тобы, топ тәлімгері Султанбекова П.

11.)  Хаттама №5 10.12.2020ж «Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі» атты тақырыбында 17-4тк тобының тәлімгері Сейдиров Н. тобымен бірге ZOOM платформасында ашық онлайн тәрбие сағатын өткізді.

 

  1. Рухани-адамгершілік тәрбие.

12) Хаттама №3 25. 10. 20120 ж. «Мемлекеттік рәміздер – мемлекет мерейі» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастыру,  тәлімгерлік сағаттар  онлайн режимінде өткізу кафедрада академилық топтар арасында өтті.

13) Хаттама №3  12.10.2020ж. Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында онлайн ашық тәлімгерлік сағаттар ұйымдастырылды. АП-20-3к тобы,  топ тәлімгері Есембай М.

14) Хаттама №4 12.11.2020ж.  «Адамгершілік – адамның асыл қасиеті» атты тақырыпта ашық тәлімгер сағатын өткізді. АП-20-4к2 тобы, топ тәлімгері Мейірбекова А.

 

4.  Кәсіби   және  Еңбек  бағытында тәрбие беру.

15) Хаттама №2 04.09.2020ж. 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шараны онлайн режимінде барлық 1 курс білім алушылардың қатысуымен «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының меңгерушісі ұйымдастырды.

16) Хаттама №2 19.10.2020ж. Университетте және академиялық топтарда «Еңбек күні» мерекесін онлайн атап өтті.АП-19-3к тобы, топ тәлімгері Баймаханов К.

  1. Діни төзімділікті қалыптастыру

         17) Хаттама №4  25. 11. 2020 ж.   «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» бағыттары бойынша тәлімгерлік сағаттарды 1 курс білім алушылардың қатысуымен онлайн іс шара өткізілді. 1 курс академиялық топтар, топ тәлімгерлер.

6. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын  қалыптастыру.

18) Хаттама №3  25. 10. 2020 ж. Денсаулық сақтау органдарының  өкілдерімен студенттердің  кездесу Аграрлық факульттің барлық академиялық топтарында онлайн режимде ұйымдастырылды.  «СПИД ғасыр індеті» атты тақырып қозғалды.

19) Хаттама №5  07. 12. 2020 ж. «Нашақорлық» тақырыбында деректі бейнетаспаны академиялық топтар арасында топ тәлімгерлер тәлімгерлік сағаттары жоспардан тыс орындалды.

20) Хаттама №4  25. 11. 2020 ж.   «Салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықпен күрес» тақырыбында денсаулық сақтау онлайн ашық тәрбие сағаты өткізілді.АП-18-3к тобы, топ тәлімгері Манабаев Н.

 

7. Экологиялық тәрбие

21) Хаттама №2  25. 09. 2020 ж  «Жастар экологиялық қауіпсіздікті қолдайды» атты тақырыпта  6В08610 - Су ресурстары және суды пайдалану мамандығының студенттерімен жоспардан тыс тәрбие сағаты өтті.

 

8. Интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту

22) Хаттама №4. 04.11.2020ж. Елбасы Н. Назарбаевтың ұсынған «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттердің қоғамдық және ғылыми үйірмелерге қызығушылығын арттыру мақсатында онлайн ғылыми конференция ұйымдастырылды. 

 

9.Мәдени-эстетикалық  және полимәдениеттік тәрбие.

23) Хаттама №3  25. 10. 2020 ж. Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне арналған іс-шаралар онлайн режимінде өткізілді.

 

10. Студенттік өзін-өзі басқару мен  жастар бастамаларын  дамыту.

24) Хаттама №5  07. 12. 2020 ж. «Жастар жемқорлыққа қарсы», «Жемқорлықсыз сессия» акциясын өткізу мақсатында жоспарға сай академиялық топтар арасында тәлімгер сағаттары  орындалды.

25) Хаттама №4. 25. 11. 2020 ж.   «Бір ел, бір тағдыр, бір Елбасы» тақырыбында тәлімгер сағаттары өткізілді.

 

                Қала жастарына білім беру, Отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлес қосып, қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметі үшін М. Әуезов атындағы ОҚУ әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С. Мәжінбековтен Аграрлық факультеттің « Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының аға тәлімгері Абашев Мурат Маратович алғыс хат алды.

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.