Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің ғалымы қаракөл қойының селекциясына арналған монографиялық еңбегін жариялады
- Қаралды: 302
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің баспасынан «Қаракөл қойының бұйра үлгісі бойынша сұрыпталуы» атты монография жарық көрді, оның авторы «Ветеринарлық медицина» кафедрасының доценті Кеңес Байжанов. Монографияда Қазақстан Республикасындағы қаракөл шаруашылығы саласының жағдайы мен проблемалары туралы заманауи ақпарат берілген. Қаракөл қойының селекциясын оңтайландыруға байланысты проблемалық мәселелер баяндалған.
Монография қалың оқырманға, оның ішінде, жоғары оқу орындарының студенттеріне, бакалаврларына, магистранттары мен докторанттарына, мал шаруашылығы саласының қызметкерлеріне арналған.