Жаңалықтар
Аграрлық факультетте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтті
- Қаралды: 3
2024 жылдың 12 желтоқсанында Аграрлық факультеттің "Ветеринариялық медицина" кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өткізді. Кездесуді факультет деканы Г.Р. Тастанбекова ашты, ол аталған іс-шараның мақсаты патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды, Қазақстан халықтарының тарихына мақтаныш сезімін қалыптастыру болып табылатынын атап өтті. Сөз соңында Гүлнара Рахымбердіқызы студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына бейбіт аспан, денсаулық және амандық тіледі.
Сахнада студенттер музыкалық және би нөмірлерін, сондай-ақ Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық сахнаны ұсынды. Іс-шара "Атамекен"әнін орындаумен аяқталды.