Жаңалықтар
Оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректор Байболов Қ.С. факултет ПО құрамымен кездесті
- Қаралды: 481
Білім және ғылым министрі академик Бақытжан Жұмағуловтың «Білім сапасы біздер үшін ең басты» атты баяндамасы бойынша, оқу ісі және акпараттық технологиялар жөніндегі проректор Байболов Қ.С.факултет ПОҚ құрамымен кездесті. Өз сөзінде. Байболов Қ.С.- Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов Қазақстан республикасының 2020 жылға дейінгі білім сапасын жақсарту бағдарламасын нақтылап оқу жоспарына енгізді. Ендеше біздер білім сапасын артырып, 50 дамыған елдің қатарына ғана емес алдына түссек және осы бағдарламаны жай әңгіме етіп қалдырмай, әрі қарай өрлеуіне әр қайсысыңыз өз үлестеріңізді қосарсыздар деп атап өтті.
2012 – 2013 оқу жылы университетіміз үшін Агроөнеркәсіп факультетінің жылы деп айтсақ та болады. Себебі университетіміздің 70 жылдығы, факультеттің 10 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Факультетке зертханалық сабақтарға көптеген жаңа құрал жабдықтар сатып алынып, ғимараттың жанынан өздеріңіз көргендей жылы жай. ашылып жаңа жатақхана салынып жатыр. Міне,осы мүмкіндіктерді оқу процесінде пайдалана отырып, министріміз Б.Жұмағұловтың бағдарламасын жүзеге асырамыз деген ойдамын «Бүгінгі күнмен өмір сүрмей, болашақты ойлау керек» деп Байболов Қ.С. мырза өз сөзін тәмәмдады.