Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығының кафедра тарихы

2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Агротехнология»  кафедрасы «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы»  кафедрасы болып ауысты. Кафедрада төмендегі мамандықтар бойынша мамандар әзірленуде: 6В08110-Агрономия, 6В08120-Топырақтану және агрохимия, 6В08130-Өсімдік қорғау және карантин, 6В08140-Жеміс-көкөніс шаруашылығы, 6В08150-Орман шаруашылығын қорғау және карантин, 6В08120-Малшаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.
«Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы»  кафедрасында ғылыми жұмыстарды жүргізу, студенттерге сапалы білім мен тәрбие беру, білікті маман шығару бағытында көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда «Жер Ана» «Өсімдіктерді ғылыми зерттеу зертханасы», Қайнарбұлақ оқу ғылыми-өндірістік кешені, көкөніс дақылдырының отандық жаңа сұрыптарын зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған екі жылыжай, «Жер Ана» және «Гүл жер көркі» атты студенттердің ғылыми үйірмесі, «Ғылыми студенттік қоғам» Халықаралық ғылыми –тәжірбиелік конференцияларға қатысып, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің екінші, үшінші дрежелі дипломдармен марапатталу арқылы жоғары деңгейде жұмыс жасауда.
Қайнарбұлақ оқу ғылыми-өндірістік кешенінде мамандық ерекшелігіне байланысты студенттерге сапалы білім беру мен тәжірбиені ұштастыру мақсатында оқу ғылыми –өндірістік кешені ашылып, онда қарқынды алма бау, 32 жүзім сортының көшеттерінен құралған жүзімдік, жаңғақ және басқа да түрлі жеміс ағаштары, суармалы егіншілік дақылдары өсіріліп, теория мен тәжірбиені ұштастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өндірістік іс-тәжірбие базасы ретінде дәрілік және малазықтық өсімдіктер генофоның сақтау мен оларды зерттеу мақсатында құралған тәлімбақ жұмыс жасауда.
2020-2021 жылдың қыркүйек  айынан бастап «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы»  кафедра меңгерушісі міндетін атқарушы болып а.ш.ғ.к., Есенгелдиева Л.Қ. тағайындалды.
2021 жылдың қыркүйек  айынан бастап «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы»  кафедра меңгерушісі болып б.ғ.к., Жылкибаев А.Қ. тағайындалды.
Кафедраның  профессор –оқытушылар құрамында ауылшаруашылығының білікті мамандары-  1 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаттары, 8 аға оқытушылары және 3 ғылым магистрі қызмет атқаруда.

Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.