Білім күнімен!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Аграрлық» факультетінде 1 қыркүйек  - Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілд. Салтанатты шараны факультет деканы Гүлнар Рахымбердіқызы Тастанбекова ашты. 2023 жылы Агроөнеркәсіптік кешен әлеміне 251 бірінші курс студенттері үшін Аграрлық факультеті есігін айқара ашты. Мерекелік жиынға 1 курс студенттері, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар және құрметті қонақтар қатысты.
Мерекелік жиыннан кейін кафедра меңгерушілері 1 курс студенттеріне факультеттің оқу-материалдық базасы бойынша экскурсия ұйымдастырып, оқу топтарының кураторларымен таныстырды. Студенттерге Аграрлық факультеттің ішкі тәртіп ережелері, ғылыми зерттеулер аясында кафедраларда жүргізілетін ғылыми зерттеулер, академиялық және әлеуметтік шәкіртақылардың мөлшері, сонымен қатар жоғарылатылған академиялық шәкіртақы алу мүмкіндіктері туралы айтылды. Факультет кітапханасында ашық есік күні өткізіліп, 1 курс студенттеріне оқулықтар таратылды. Бірінші курс студенттері факультеттің біртұтас ғылыми-білім беру ортасының және электронды кітапхана ресурстарының мүмкіндіктерімен танысты.
Барлық студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Биылғы оқу жылы баршаға табыс, сәттілік және аграрлық сектордағы экономиканың ең озық және сұранысқа ие секторларының бірінде таңдаған мамандығын алу жолындағы барлық жоспарлардың орындалуын әкелсін! Оқуда, ғылымда, спортта, шығармашылықта, еңбекте табыс тілейміз!

Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.