М.Әуезов атындағы ОҚУ 1 курс студенттерінің құрметіне ұжыммен кездесу өткізді

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің акт залында 6 қыркүйек күні Аграрлық факультетінің 1 курс студенттері мен университет ұжымы арасында кездесу өткізді. Іс-шараны университеттің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Е.Ж.Сармурзин құттықтау сөзімен ашты. Проректор студенттерді өз атынан ғана емес, бүкіл университет атынан құттықтады. М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттік клубтардың, волонтерлік жобалардың, шығармашылық бірлестіктердің қызметіне баса назар аударып, тек академиялық өмірде ғана емес, қоғамдық өмірде де жетекші университет болып табылатынын айтты.
Студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры А. Болысбек СҚКО университеттің қызмет көрсету орталығы болып табылатынын, ол қызметтерді алу кезінде ашықтық пен қолжетімділік жағдайын жасауға, қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, білім сапасын арттыруға және академиялық адалдық қағидаттарын насихаттауға арналғаннын айтты.
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Л.А.Хасенова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Г.С.Дулатова, Оқу-жаттығу орталығының директоры Ю.А.Таиров, Ақпараттық-білім беру орталығының басшысы И.К.Саурбаева, Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.А.Жамантаева, Шығармашылық орталықтың басшысы С.Б.Әбдірайымова, Академиялық ғылым департаментінің директоры У.Б.Назарбек, университет белсенді студенттері өз бөлімдерінің қызметі туралы айтып өтті.
Кездесу соңында кітапханаға, теледидарға, комплаенс қызметіне, мұражайға, университет жастар орталығына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.