Аграрлық факультет ұжымы Бәйдібек және Созақ аудандары мен Шымкент қаласының түлектеріне арналған "Ашық есік күнін" онлайн кездесу режимінде өткізді

2023 жылғы 27 желтоқсанда Аграрлық факультет ұжымы Бәйдібек және Созақ аудандары мен Шымкент қаласының түлектері үшін онлайн режимінде "Ашық есік күнін" өткізді. Іс-шара университет пен Аграрлық факультет туралы бейнеролик көрсетілімімен ашылды.

Кездесуді "Аграрлық" факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г.Р. Тастанбекова құттықтау сөзімен ашты. Гүлнәр Рахымбердіқызы факультет қызметінің негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ "Жаскешу" және "Қайнар бұлақ" ғылыми зертханалары мен оқу шаруашылықтарының жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұдан әрі "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының меңгерушілері, биология ғылымдарының кандидаты Әсет Жылқыбаев, "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, Парида Сұлтанбекова және "Ветеринариялық медицина" кафедрасының доценті, PhD докторы Айсұлу Күзербаева сөз сөйледі. Олар "Агрономия", "Топырақтану және агрохимия", "Өсімдіктерді қорғау және карантин", "Жеміс-көкөніс шаруашылығы", "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы", "Жерге орналастыру", "Кадастр", "Аграрлық техника және технология", "Су ресурстары және суды пайдалану", "Сумен жабдықтау, су бұру және және су ресурстарын қорғау" "Ветеринарлық медицина" білім беру бағдарламаларын таныстырды.

Кәсіптік бағдар беру орталығының қызметкерлері Манапова Баян мен Каикбаев Мейірбек М. Әуезов атындағы ОҚУ-не түсу және қабылдау комиссиясының ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Іс-шара Zoom платформасында өтті, бұл дегеніміз тікелей эфир режимінде 305 түлектің барлық сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік берді.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.