Студенттік белсенділер Аграрлық факультеттің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» концерттік бағдарламасын көрсетті

2023 жылдың 14 желтоқсанында акт залында студенттік белсенділер Аграрлық факультетінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» атты концерттік бағдарламасын көрсетті. Шарада сөз алған факультет деканы Гүлнәр Тастанбекова шараның маңыздылығын атап өтті. - Бүгін біз тәуелсіздігімізді қайтарған Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың рухына бас иеміз. Ата-бабаларымыз келер ұрпақтың егеменді елде өмір сүруін қалады. Батырларымыздың есімі тарихта қалды. Біздің міндетіміз – оларды жас ұрпаққа таныту. Тәуелсіздік мәңгілік, егемендік берекелі болсын, – деді Гүлнәр Рахымбердіқызы.

Іс-шарада Желтоқсан оқиғасының қатысушылары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының оқытушысы Райымқұлова Жанат Әбдіхалыққызы, С.Нұрмағамбетов атындағы №72 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Тұрғынбаева Гүлбайра Есенгелдіқызы да сөз сөйледі.

Концерт соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.


Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.