Аграрлық факультетте оқулықтың тұсаукесері өтті

2023 жылдың 13 қарашасында Аграрлық факультетінің «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының ғалымдары «Сумен жабдықтау мен су бұру жүйесі» оқулығының тұсаукесерін өткізді. Іс-шара М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығы мен Аграрлық факультетінің 20 жылдығына арналып отыр.

Авторлардың бірі Нұриддин Жарболов өз сөзінде оқулық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиімді жүргізуге ықпал ететін 20-дан астам қағида, әдістемелер және басқа да мемлекеттік нормативтік құжаттар мен оқулықтардың негізінде жасалып, болашақ құрылыстың техникалық параметрлерін нақтылаудағы зерттеу жұмыстарына өзекті анықтамалармен және иллюстрациялармен бірге берілгенін айтты. Олар қазіргі мән жайды ескере отырып, «Сумен жабдықтау және су бұру» мамандығы бойынша оқығандардың жадын жаңғыртуға, техникалық шешімнің дұрыс қабылданғанын өз бетінше тексеруге арналған. Оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арнайы пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында қолдануға, тақырыптық жоспарға пререквизиттер мен постреквизиттерді енгізу үшін пайдалануына  болады.

Іс-шараға Аграрлық факультет деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г.Р. Тастанбекова, «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты А.Қ. Жылқыбаев, кітапханашы С.Бименова және кафедраның ПОҚ қатысты.

Шара соңында басылым авторымен қолтаңба сессиясы өтті.


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.