Жаңалықтар
Кәсіпкерлер жәрмеңкесіне қатысу
2023 жылдың 20 қыркүйегінде Шымкент Арбатында өткен жылы мемлекеттен 400 АЕК көлемінде тегін грант алып, бизнес жоспарларын жүзеге асырған кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге кәсіпкерлерден бөлек банк өкілдері де қатысып, олармен Аграрлық факультет деканы Г.Р.Тастанбекова да ақпарат алмасты. «Жастар шағын несиесі» бағдарламасы 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Несиенің мақсаты – негізгі капиталды сатып алу және айналым қаражатын толықтыру», – дейді Агронесие корпорациясының маманы Асқар.
Жәрмеңкеде мегаполис тұрғындары мен қонақтары жергілікті кәсіпкерлердің тауарларымен танысып қана қоймай, оларды өндірушінің бағасымен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.