Аграрлық факультетінің студенттері «Менің алғашқы стартапым» бизнес жобалар байқауына қатысты

2024 жылдың 27 ақпанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кәсіпкерлік және коммерцияландыру департаменты ұйымдастырған «Менің алғашқы стартапым» бизнес-жобалар байқауына Аграрлық факультетінің 6 студенті қатысты. Байқаудың мақсаты студенттер мен магистранттар арасында инновациялық жобаларды анықтау және іріктеу, сондай-ақ білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау болды.

Студенттеріміз жылыжайда лимон өсіру технологиясын әзірлеу (авторы: Айдар Сайдазимов); шоколадтағы құлпынай дайындау (авторы: Ерік Азамат); «Қайнар-Бұлақ» оқу-тәрбие шаруа қожалығының егіс алқабында қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктердің көшетжайын жасау (авторлары: Асқар Нұртілек, Мыңбай Диана, Мыңжасар Аяулым); мекемелерде, кәсіпорындарда және жеке секторда жасыл желектерді суару үшін ауыз суды пайдалануды жою (авторы: Қуанышбек Ұлданай) және балалар кітапханасын ашу (авторы: Дәрібаева Асылжан) сияқты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жаңа жобаларды қорғады.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.