Жаңалықтар
«Атамекен» ҰКП ЖОО рейтингінде Аграрлық факультеттің 3 білім беру бағдарламасы жүлделі орындарға ие болды
- Қаралды: 588
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультетінің оқу бағдарламалары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өткен жылы өткізген жыл сайынғы рейтингінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Рейтинг нәтижесі бойынша 6В08120 - «Топырақтану және агрохимия» БББ және 6В08710 - «Аграрлық техника және технология» БББ 1-ші орын, 6В08610 - «Су ресурстары және суды пайдалану» БББ 2-ші орын алды.
2022 жылға арналған рейтингтік көрсеткіштермен салыстырғанда оң динамика байқалады. Өйткені, 2022 жылы 1 БББ 1-ші орын, 1 БББ 2-ші орын алды.


