Жаңалықтар
Аграрлық факультет ғалымдары университет кәсіподақ ұйымының отырысына қатысты
2024 жылдың 19 ақпанында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының VII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға Аграрлық факультеттің деканы мен профессорлық-оқытушылар құрамы да қатысты.
Күн тәртібінде кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы есеп, бақылау-тексеру комиссиясының есебі, біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау, кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясын сайлау туралы мәселелер қаралды.
М.Әуезов атындағы ОҚУ педагогтар мен қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жж. жұмысы туралы кәсіподақ комитетінің төрағасы Қуаныш Мұсабеков есеп берды. Ол өз баяндамасында кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық қолдауға және университеттің әлеуметтік-мәдени іс-шараларын өткізуге кәсіподақ қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру динамикасымен таныстырды.
Конференцияға қатысушылар университет кәсіподақ комитетінің қызметін жоғары бағалады. Конференцияға қатысушылардың бірауыздан қабылданған шешімімен М.Әуезов атындағы ОҚУ кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуаныш Мұсабеков пен кәсіподақ белсенділерінің бүкіл тату ұжымы келесі бес жылдық мерзімге сайланды.