Жаңалықтар
Аграрлық факультеті су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді
- Қаралды: 343
2024 жылдың 8 сәуірінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығының бастамасымен Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті қабылдау пункті ашылды. Аграрлық факультет ұжымы мен студенттері аз уақыттың ішінде қаражат жинап, ең қажетті тауарларды сатып алып, қабылдау пунктіне жеткізді.
Аграрлық факультетінің студенттері мен қызметкерлері мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғам игілігіне бағытталған бастамаларға ден қоюда. 2023 жылы Абай ауданында, 2022 жылы Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жібердік.