Жаңалықтар
Аграрлық факультет ұжымы қазақ халқының ұлттық мерекесі - Көрісу күнін атап өтті
- Қаралды: 250
2024 жылдың 14 наурызында факультет деканы Г.Р.Тастанбекова профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен мерекелік кездесу өткізіп, жүрекжарды тілектерімен алмасып, бір-бірін құттықтады. Гүлнәр Рахымбердіқызы бұл күннің үлкендерге сәлемдесу, құрмет көрсету күні екенін, сондай-ақ көктемнің алғашқы мерекесі екенін атап өтті. Бұл күні бір-біріне қонаққа барып, көктемнің келуімен құттықтау әдетке айналған. Ертеде, дәл осы күні, көшпелі өмір салтын ұстанған қазақтар қыстың ұзаққа созылған қақаған аязынан кейін барлығының қыстан аман-есен шыққанына көз жеткізіп, дала жаңалықтарымен алмасу үшін көрші ауылдарды аралаған.
Көрісу күні құтты болсын!


