Жаңалықтар
Аграрлық факультетте студенттердің үздік ғылыми жұмыстарын іріктеу комиссиясының отырысы өтті
- Қаралды: 199
2024 жылдың 14 наурызында Аграрлық факультетте студенттердің ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу конкурсының (университетішілік) бірінші кезеңі өтті. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының негізгі мақсаттары мен міндеттері: студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; ең дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау; Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
Талапкерлерді іріктеу комиссиясының отырысында факультет деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г.Р. Тастанбекова, «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты К.Суримбаева, «Ветеринария» кафедрасының доценті, ветеринария ғылымдарының кандидаты И.А.Тұтқышбай, «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Е.Қ.Есімов және «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының аға оқытушысы, магистр А. Дуанбекова қатысты.
Қабылдау комиссиясы мынадай шешім қабылдады (әрбір білім беру бағдарламасы үшін бөлек):
1 орынға «Жылыжайда лимон өсіру технологиясы»; «Тыңайтқыштардың күздік бидай дақылының түсіміне әсерін зерттеу»; «Бөдене және оның жұмыртқасы»; «Құрама топырақ өңдеу қондырғысы»; «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі шағын елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету» жобалар ұсынылсын.
2-орын «Қазақстанның онтүстік аймағында Лессинг қараматауын жерсіндірудің маңыздылығы мен өсіру тәсілдері» және «Мысықтардың рационына түрлі витаминді заттарды қосқан кездегі ас қорыту жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуі» жобалар ұсынылсын.
3-орынға «Ара өсіру және одан балтозаң алудың тиімді әдісін қолдану» жоба ұсынылсын.
Байқаудың екінші кезеңіне қатысу үшін базалық жоғары оқу орындарына жолдама алу үшін іріктеуден өткен талапкерлерді құттықтаймыз және алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!