Аграрлық факультетте XXVII республикалық студенттік ғылыми конференция өтті

2024 жылдың 27-28 наурызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультетінде ғылым айы аясында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша «Жастар ғылымының даму векторлары» тақырыбында XXVII республикалық студенттік ғылыми конференция өтті. Пленарлық отырысты факультет деканы Г.Р. Тастанбекова құттықтау сөзімен ашты.

Конференция барысында «Ветеринарлық медицина», «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы», «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» бағыттары бойынша 20-дан астам баяндамалар тыңдалды. Баяндамаларды талқылап, комиссия мүшелері жеңімпаздарды анықтады: АП-20-7к тобының студенті Орынбаев Бақытжан «Ара шаруашылығында аналықтарды шығару жолдары» баяндамасымен; студент Ғабитов Мақсат  «Жайық өзенінің жайылмасында пенсильвандық шағанның таралу ерекшеліктері»  баяндамасымен; АП-21-8к3 тобының студенті Зиятхан Кенже «М.Әуезов атындағы университет клиникасы жағдайында бөдене жұмыртқасын инкубаторда аштыру және өсіру» баяндамасымен; АП-21-6к2 тобының студенті Қалмахан Әсел «Жер кадастры» баяндамасымен; АП-22-1к тобының студенті Абдуллаев Абдухалил «Аграрлық факультетіне қарасты жылыжай жағдайында қиярдың Северин гибридін өсіру технологиясын жетілдіру және өнімділігіне биогумус пен микроэлементтердің әсерін анықтау» баяндамасымен; АП-20-8к3 тобының студенті Тагаева Мерей «Жануарлардың қан құю мүмкіншілігін анықтау үшін қосылғыштық реакциясын қолдану» баяндамасымен және АП-20-4к тобының студенті Қуанышбек Ұлданай «Мембраналық әдіспен табиғи суларды тазарту» баяндамасымен үздік деп танылды.

Жеңімпаздар қатарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Мақсат Ғабитовтың да барын атап өткіміз келеді.

Құттықтаймыз! Алда көптеген жеңістер мен сәттілік тілейміз!


Күнтізбе

Қазан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.