Жаңалықтар
Аграрлық факультеті бағдарламаны аккредиттеу үшін сыртқы аудиттен өтті
2024 жылдың 22-23 сәуірі, БСҚБТА сарапшылық тобының сапары бағдарламасына сәйкес, М.Әуезов атындаы ОҚУ аккредиттеу бағдарламасына сыртқы аудит шеңберінде, сарапшылар ректормен, проректорлармен, басқарма, орталық директорлары, құрылымдық бөлімше басшылары, декандар, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылық құрам, жұмыс берушілер, білім беру бағдарламаларының студенттері, түлектермен кездесті. Сараптамалық топ мүшелері сонымен қатар аккредиттелген білім беру бағдарламалары бағыттары бойынша материалдық-техникалық, оқу және зертханалық базаға визуалды тексеру жүргізді.
Аграрлық факультеті келесі 11 БББ бойынша: 6В08110 «Агрономия»; 6В08120 «Топырақтану және агрохимия»; 6В08130 «Өсімдіктерді қорғау және карантині»; 6В08210 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»; 6В09111 «Ветеринария; 7M05126 «Ветеринариялық биотехнология»; 6В08710 «Ауыл шаруашылығы техникасы және технологиясы»; 6В08610 «Су ресурстары және суды пайдалану»; 6В07330 «Сумен жабдықтау, канализация және су ресурстарын қорғау»; 7M07330 «Қалалар мен өнеркәсіптерді сумен қамтамасыз ету» және 7М07350 «Геокеңістіктік цифрлық инженерия» сыртқы аудиттен өтті.
Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу осы бағдарламалар бойынша оқытудың қабылданған стандарттар мен талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында аккредиттеу агенттігі жүргізетін ресми сараптамадан тұрады, сондай-ақ білім беруді ұйымдастыру сапасының, сенімділігінің кепілі рөлін атқаруға арналған. аккредиттелген білім беру бағдарламалары бойынша білім беру, талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан сенім қалыптастыру, жұмыс берушілер тарапынан бітірушілер алған білімнің негізділігін мойындау.