Жаңалықтар
Факультет ғалымы колледж студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді
- Қаралды: 32
«Ветеринарлық медицина» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты К.С.Байжанов кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу мақсатында Мақтаарал аграрлық колледжінде болды. Осы кездесуде Кеңес Серікбайұлы колледж студенттеріне біздің университет туралы, атап айтқанда, біздің университеттің еліміздегі орны, мамандықтардың түрлері туралы толық ақпарат берді. К.С.Байжанов жоғары білімді ветеринария мамандарын даярлаудың қазіргі жағдайы, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, академиялық ұтқырлық шарттары және т.б. туралы егжей-тегжейлі айтып берді.