Жаңалықтар
Г.Р. Тастанбекованың ҚР ҰАҒА корреспондент мүшесі болып сайлануы
- Қаралды: 18
Ұлттық аграрлық ғылым академиясы мүшелерінің 2024 жылғы 31 мамырдағы жалпы жиналысының шешімімен Г.Р. Тастанбекова ҚР ҰАҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімі бойынша («Агробиология» мамандығы) ҚР ҰАҒА корреспондент мүшесі болып сайланды.
Аграрлық факультет ұжымы деканымыз Тастанбекова Гүлнара Рахимбердіқызын факультет тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайлануымен құттықтайды және Сізге ғылымда шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейді!