Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің жас ғалымдары «Жас ғалым» грантына ие болды
- Қаралды: 10
Біздің факультеттің жас ғалымдары, «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының PhD Төребаева С.Д. және PhD, «Ветеринарлық медицина» кафедрасының меңгерушісі Күзербаева А.Т. «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» басымдығы бойынша «Жас ғалым» грантының иегерлері атанды.
Сағадат Төребаеваның көпжылдық тәжірибесінің нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кәдімгі сұр жерлерінде күздік бидайды өңдеудің ресурс үнемдеуші технологиясы әзірленіп, өндіріске енгізілетін болады.
Ал, Айсұлу Күзербаева қойдың аралас гельминтозына қарсы «НематоЅТОР» препаратын әзірлеумен айналысып, тәжірибелік-өндірістік жағдайларда оның терапиялық тиімділігін зерттейтін болады.
Жас ғалымдарды жеңісімен құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!