М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аграрлық факультетінде «Ашық есік күні» өтті

5 сәуірде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аграрлық факультетінде Шымкент қаласындағы 2 мектеп-гимназия, 9 жалпы білім беретін мектеп және 2 колледж түлектерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті. Іс-шара барысында факультеттің мамандықтары мен тарихы туралы бейнероликтер көрсетіліп, түлектерге буклеттер мен ақпараттық парақшалар табысталды.
«Ашық есік күніне» қатысушылар "Елнұр-Айдар" ЖК басшылары Сейдазимов Елнұрдың, "Казагроном" ЖШС Серік Нархаттың, "Smart Maman" ЖШС Жарболов Нұриддиннің, "Vek Story-Com" ЖШС Тұрғаналы Дамирдің, Республикалық ветеринариялық зертхана директорының орынбасары Калтаев Асқардың, "HERMES" ЖШС Гаджиев Ильмардың құттықтауларын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Тұрымбетов Бекболат, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мырзабаев Болат, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қамшыбаев Ахметали сияқты жетекші ғалымдардың дәрістерін тыңдады.
Іс-шараға 130-дан астам адам келіп, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ға алдағы қабылдау рәсімімен танысты. Жетістіктер көрмесінен олар аграрлық мамандықтар туралы көптеген қызықты нәрселерді білді, факультеттің екінші, үшінші курс студенттерінің қатысуымен концерттік нөмірлерін тамашалады.
Болашақ талапкерлер, «Ашық есік күні» (осындай іс-шаралар сериясы жоспарланған) сіздер үшін пайдалы өтті деп үміттенеміз, сіздер өз сұрақтарыңызға жауап тауып, М.Әуезов атындағы ОҚУ қабырғасында болашақ оқумен таныса алдыңыздар. Қабылдау комиссиясының қызметкерлері болашақ аграрлық сала мамандарын 20 маусымнан бастап біздің университет қабырғасында күтеді.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.