Түркістан облысы Бәйдібек ауданында Аграрлық факультетінің «Ашық есік күні» өтті

14 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультеті Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы М. Әуезов атындағы IT орта мектебінің акт залында 15 жалпы орта білім беретін мектептің түлектеріне «Ашық есік күнін» өткізді. Бәйдібек ауданының 750 түлегінің ішінен бұл іс-шараға 250-ден астам оқушы қатысты, "Аграрлық" факультет деканының м.а., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Тастанбекованың, "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Әсет Жылқыбаев, "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Парида Султанбекова және "Ветеринарлық медицина" кафедра меңгерушісі, PhD докторы Айсұлу Күзербаева, модератор, магистр Нұржан Нұрходжаевтың түсіндірме жұмыстарын тыңдауға, университеттің білім беру бағдарламаларымен танысуға, университеттің білім беру және ғылыми жетістіктері көрсетілген арнайы көрмеге қатысуға мүмкіндік алды.

Мектеп түлектеріне қабылдау комиссиясының жұмысы туралы, Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау Ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кең ақпарат берілді. Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.


Күнтізбе

Қыркүйек 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.