Аграрлық факультет онлайн кездесу режимінде Созақ ауданының мектептерімен «Ашық есік күнін» өткізді

Іс-шараны "Аграрлық" факультеті деканының м.а., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Тастанбекова ашты. Ол факультет қызметінің негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ "Жаскешу" және "Қайнар бұлақ" ғылыми зертханалары мен оқу шаруашылықтарының жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Бұдан әрі модератор, магистр Нұржан Нұрходжаев "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Әсет Жылқыбаевқа, "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Парида Султанбековаға және "Ветеринариялық медицина" кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Айсұлу Күзербаеваға сөз берілді. Олар "Агрономия", "Топырақтану және агрохимия", "Өсімдіктерді қорғау және карантин", "Жеміс-көкөніс шаруашылығы", "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы", "Жерге орналастыру", "Кадастр", "Аграрлық техника және технологиялар", "Су ресурстары және суды пайдалану" және "Ветеринариялық медицина" білім беру бағдарламаларымен таныстырды.
Кәсіптік бағдар беру жұмыс орталығының қызметкерлері Ізбаева Ботагөз және Маханбетов Әділет М. Әуезов атындағы ОҚУ-ға түсу және қабылдау комиссиясының ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Іс-шара Zoom платформасында өтті, бұл тікелей эфир режимінде 317 түлектің барлық сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік берді.

Күнтізбе

Қазан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.