Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою

2023 жылғы 12 мамырда Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің конференц-залында салтанатты жағдайда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультеті, декан Тастанбекова Гүлнәр Рахымбердіқызы және Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің Өсімдіктерді қорғау, агрохимия және топырақтану факультеті атынан декан Намозов Нормамат Чориевич арасында ғылыми және оқу-әдістемелік ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Тараптар топырақ технологияларды құру және жетілдіру жөніндегі бірлескен зерттеулерді әзірлеуге және жүргізуге қатысу туралы, атап айтқанда, Топырақтану, экология, азық-түлік қауіпсіздігі, топырақ және жер ресурстарын орнықты басқару, агроинформатика және топырақты бағалау, агроэкологиялық мониторинг, топырақты қорғаудың бейімделгіш ландшафттық тәсілі және топырақ құнарлылығын қалпына келтірудің қазіргі заманғы әдістерін әзірлеу мәселелері бойынша; конференциялар, Жазғы және Қысқы мектептер, кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, курстар мен тренингтер; ғылыми-әдістемелік құралдарды, монографияларды, бағдарламаларды және т.б. рецензиялау және жазу үшін ғалымдарды тарту, сондай-ақ оқу бағдарламасы шеңберінде студенттердің практикадан өту мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша келісімге келді.

Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.