М. Әуезов атындағы ОҚУ делегациясы "Өзбекстан ұлттық университетінің ғылым мен қоғамды дамытудағы рөлі" конференциясының Пленарлық отырысына қатысты

12 мамырда Ташкентте М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің құрылғанына 105 жыл толуына орай "Өзбекстан ұлттық университетінің ғылым мен қоғамды дамытудағы рөлі" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға басқарма төрағасы-ректор Дария Қожамжарова бастаған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің делегациясы да қатысты.
Пленарлық отырыстағы баяндамасында Дария Пернешқызы қатысушыларды университет қызметімен, білім алушылардың академиялық ұтқырлығымен таныстырды, сондай-ақ шетелдік ғалымдарды бірлескен ғылыми қызметке тарту және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу туралы айтты. Өз сөзінің соңында Д.П. Қожамжарова ұжымды ЖОО-ның құрылған күнінің тамаша мерейтойымен құттықтап, университеттің профессор-оқытушылар құрамы әрқашан жоғары кәсібилігімен ғана емес, сонымен қатар ғылыми және педагогикалық қызметтегі шығармашылық, инновациялық тәсілімен ерекшеленетінін атап өтті.

Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.