Аграрлық факультет деканы халықаралық конференция жұмысына қатысты

2023 жылғы 4 тамызда Аграрлық факультет деканы Гүлнәр Тастанбекова Түркістанда өткен "Экологиялық жағдайды жасыл желектерді дамыту жолымен жақсарту және ауыл шаруашылығы дамуындағы мәселелер" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына қатысты. Күн тәртібінде Түркістан өңірінің жасыл аймағының көлемін ұлғайту және күтіп ұстау мәселелері қамтылды. Іс-шара соңында мамандар Түркістанда жаңа технологияларды енгізумен, тұқым учаскесін қалыптастырумен және оны одан әрі кеңейтумен өңірдің топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген ағаш-бұта өсімдіктерін отырғызу қажет деген қорытындыға келді.
Түркістан облысының 5 жылдығына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының орталығын ашуға арналған Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Т.Есполов, орман шаруашылығының басшылары мен мамандары, экологтар, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістаннан белгілі ғалымдар қатысты.

Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.