Жетістіктер және жүлделер
- Қаралды: 505
Жетістіктер
1. Мамандардың мобильділігін арттыруда мақсатында Евробірлестгінің қаржыландыруымен 2012 жылдан бастап біржүйелі оқу бағдарламасы ендірілді Орталық Азия, Казахстан үшін Tempus-EPASAT.
2. БжҒМ шешімімен ветеринария ғылымының докторы, профессор Ильясов Б.К. «Үздік оқытушы» грант иегері атанды.
3. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде кафедра ғалымдары 1 патент, 6 инновацилық патент, 2 авторлық куәлік иегері болды, 6 ұсыныс дайындалып өндіріске ұсынылды;
4. Профессор-оқытушылар құрамы соңғы 3 жылда 4 монография, 6 оқулық және 8 оқу құралдарын ҚР БжҒМ грифімен баспадан шығарды.
5. Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Францияның Тулуза Ұлттық ветеринариялық мектебінің (ENVT) қатынасуымен орындалып отырған Twinning-жобасының көлемінде 2017 жылы 29 наурыздағы Тулуза Ұлттық ветеринариялық мектебінің деканы Isabelle Chmitelin ханымның шақыруына сәйкес, Бердіқұлов М.А. және Абдыкаримова Ш.А. Тулуза қаласында 29.05.2017 ж. және 8.06.2017ж. аралығында біліктілігін жоғарылатты.
Республикалық ғылыми – педагогикалық орталық «Білім-Образование-Education» ұйымдастырған Республикалық сайыста, Білім ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік ғылым кандидаты-2019» I дәрежелі диплом мен медальге в.ғ.к., доцент «ВКД» кафедра меңгерушісі Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлы марапатталады,. NUR-SULTAN.
Республикалық ғылыми – педагогикалық орталық «Білім-Образование-Education» ұйымдастырған Республикалық педагогикалық сайыста «Үздік ашық сабақ-2019» I дәрежелі дипломмен в.ғ.к., доцент «ВКД» кафедра меңгерушісі Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлы марапатталады, ЖОО мен ООО «Үздік ашық сабағы» номинациясы бойынша. NUR-SULTAN.
ҚР ҰКП АТАМЕКЕН ұйымдастырған 80 академиялық сағаттық «Кәсіпкерлік негіздері» курсы оқытушысының кәсіби біліктілігін дамыту» жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы №000648 Сертификатқа в.ғ.к., доцент «ВКД» кафедра меңгерушісі Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлы ие болды. Нұр-Сұлтан 2019.