Жетістіктер және жүлделер

Жетістіктер

«8-наурыз-Халықаралық әйелдер» күні мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақты білімге және ғылымға баулуда, тәлім-тәрбие беруде қосқан зор үлесі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ректоры Д.Қожамжаровадан кафедра меңгерушісі Күзербаева Айсұлу Тұрмаханбетқызы алғыс хат алды.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан «Ветеринарлық медицина» кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.д- Қожабаев Мәжіт Қожабаевич «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

«Рухани жаңғыру» бойынша «ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» арнайы жобасына қатысқаны және ҚР ғылымын ілгерілтудегі ерен еңбегі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ректоры Д.Қожамжаровадан  в.ғ.к., доцент- Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлы арнайы сертификат пен куәлікке ие болды.