Кафедра тарихы

Кафедра тарихы

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры бұйрығымен 2003 жылдың 14 – мамырында «Агроөнеркәсіптік» факультетіне қарасты «Агротехнология», сонан соң 2005 жылы «Ветеринариялық медицина және зоотехния» кафедрасы болып бөлек құрылған болатын. 08.06.2011 жылы Ректордың бұйрығымен «Ветеринариялық медицина және зоотехния» кафедрасының базасында «Ветеринариялық медицина» кафедрасы құрылды.
«Ветеринариялық медицина» мамандығы ресми 2003 жылы ашылды, яғни 12 жыл бүрын, бұл жылдар тек өсумен қатар қиын да ұзақ творчествалық даму кезеңі болды. Осы жылдар аралығында кафедра меңгерушіcі қызметін атқарғандар: доцент Қожалы Б.,  Купешов Т., Жарасбаев С.А., Туткышбай  И.А., Бердикулов  М.А. Төлеметова С.Е., Муталиев Ә.М. Казіргі таңда 2014 оқу жылынан бастап М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры бұйрығымен «Ветеринариялық медицина» кафедрасы аты өзгеріп екі кафедраға бөлінді: 1) «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы. 2) «Жануарлар патологиясы» кафедрасы. «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы меңгерушісі болып  ауылшаруашылық  ғылымдарының кандидаты, доцент Төлеметова С.Е. тағайындалды.
Алғашқы кезеңде дәріс берген профессор оқытушылар халықаралық ауылшаруашылық университеттерінің түлектері еді, ал осы кезеңде   М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың түлектері қызмет атқаруда.
Қазіргі уақытта, кафедра құрамында 1 ғылым докторы, 1 профессор, 1 доцент, 7 - ғылым кандидаттары және 19 оқытушылар мен магистрлар дәріс беруде. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі 70% құрады, бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 15%-ға өскендігін көрсетеді. Олардың  орташа жасы 40 жасты құрайды. Оқытушылардың 93 пайызы, базалық білімі «ветеринариялық дәрігер» қалғандары «зоотехния» және «биология» мамандары.
Мамандарды дайындау барысында эксперимент жүргізу, дипломдық жұмысты орындау, курстық жұмыстар орындауда өз үлесін қосатын «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасының жанынан құрылған ветеринариялық клиника.
 
Кафедра республика мен шетелдерге танымал ғалымдар мен мамандар дәріс оқуда. Атап айтқанда Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттары: ветеринария ғылымдарының кандидаты Нуралиев С., ветеринария ғылымының докторы, профессор Ильясов Б.К.http://kk/kafedra-tarihy-3#overlay=kk/

Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.