Жаңалықтар
«Болашақ» халықаралық стипендиясы
- Қаралды: 511
«Болашақ» халықаралық стипендиясы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылды. 20 жылдан бері «Болашақ» президенттік бағдарламасы ұлттық экономиканың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру бойынша өзінің алғашқы міндеттерін табысты орындауда.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен құрылған. Қазақстан Республикасына тәуелсіздік таңында кейінен реформалар жасап, елімізді әлемдік аренада лайықты танытатын жоғары білікті кадрлар талап етілді.
Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер тарихында алғаш рет талантты жастарға шетелде білім алу мүмкіндігі берілді.
«Болашақ» стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кәсіптік өзін өзі жүзеге асыруының өзіндік кепіліне айналды.
Жылдар өте бағдарламалар қарқын алып, мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға бейімделді.
Бағдарлама іске асырылған 20 жылда барлығы 10 025 стипендия тағайындалды.
6015 стипендиат «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылды.
Болашақ бағдарламасының 6015 түлегі экономикалық нақты секторларында жұмыс істеуде.Олардың ішінде
елдің үдемелі иновациялық индустриализациясы және Үшінші Өнеркәсіптік революциялық міндеттерін шешу үшін – 43 %
ұлттық адами капиталын табысты дамыту үшін - 15 %
мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жаңғырту – 19 %
елде ұлттық кәсіпкерлікті және орта класты, тапқырлық, прагматизм және бастамалар рухын нығайты үшін- 15 %
болашақ экономикасын құру үшін- 8 %.
Ибрагим Асқарұлы Тұтқышбай М.Әуэзов ат.ОҚМУ доценті, Агроөнеркәсіп факультетінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, ветеринария ғылымының кандидаты, ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық бағдарлама стипендиаты.ҚР Президентінің Болашақ халықаралық стипендиясы стипендиаттары мен түлектерінің форум делегаты.Астана.