Жаңалықтар
«Алтын күз-2023» салтанатты мерекесіне қатысу
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мамандарының шақыруымен 2023 жылдың 9 қарашасында Аграрлық факультетінің деканы Г.Р. Тастанбекова және «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының меңгерушісі П.С. Сұлтанбекова «Алтын күз-2023» салтанатты мерекесіне қатысты. Конгресс-холл кешенінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы саласының өкілдерін мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Түркістан облысында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 802,6 млрд теңгені құрағанын және бұл республика бойынша бірінші орында тұрғанын баса айтты. Жыл соңына дейін жалпы өнім көлемі 1 трлн. 127,3 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 103%-ға дейін ұлғайтылады.