Жаңалықтар
Аграрлық факультетінің деканы «Ет, сүт, жемістер мен көкөністерді өңдеудің инновациялық технологиялары» атты дөңгелек үстелге қатысты
- Қаралды: 168
2023 жылдың 11 қыркүйегінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас ғимаратының 250 аудиториясында Аграрлық факультет деканы Г.Р. Тастанбекова «Ет, сүт, жемістер мен көкөністерді өңдеудің инновациялық технологиялары» атты дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны ашылу сөзімен университеттің ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры У.С. Сүлейменов ашты. Ұлан Сейітқазыұлы өз сөзінде: «Тамақ өнеркәсібі – азық-түлік, әлеуметтік және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін экономиканың маңызды саласы. Тамақ және өңдеу өнеркәсібіндегі университет ғалымдары белсенді даму жағдайында, жаңа технологияларды енгізуде және заманауи модернизациядан өтуде».
Малайзияның Селангор халықаралық іскерлік саммитінің Қазақстан Республикасындағы өкілі Тажибаева Р.Д. өз сөзінде дөңгелек үстелге қатысушыларды Селангор халықаралық азық-түлік және сусындар көрмесіне қатысуға шақырды.
Университеттің кәсіпкерлік және коммерцияландыру департаментінің директоры Т.С. Бажиров М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдарының коммерцияландыруға дайын жобаларын ұсынды.