Аграрлық факультеті Халықаралық қысқы мектеп-2024 өткізді

«Қазіргі заманғы жағдайда ауыл шаруашылығын инновациялық дамыту» тақырыбында 2024 жылғы 15-26 қаңтар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультеті халықаралық қысқы мектеп-2024 өткізді.
Пленарлық отырысты Аграрлық факультеттің деканы, а.ш.ғ.к. Г.Р.Тастанбекова кіріспе сөзімен ашты. Өз сөзінде Гүлнәр Рахымбердіқызы Халықаралық қысқы мектептің барлық қатысушылары мен қонақтарына алғысын білдіріп, жемісті және нәтижелі жұмыс тіледі.
Құттықтау сөзін Санкт-Петербург мемлекеттік ветеринарлық медицина университетінен Белова Л.М.; т.ғ.д., К.А.Тимирязев атындағы РМАУ-АШМ профессоры Балабанов В.И.; Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының профессоры Снежко В.Л.; М.Әуезов атындағы ОҚО «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедрасының доценті Мұрзабаев Б.А. сөйледі.
Екі белсенді аптада Zoom платформасында Қазақстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан ғалымдарының 70-тен астам қызықты дәрістері тыңдалды.
Біздің іс-шарамызға қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға алғыс білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдіреміз!


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.