Жаңалықтар
Аграрлық факультетінде «Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту: тәжірибелер, проблемалар және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында, «Аграрлық» факультетінің 20 жылдығына арналған «Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту: тәжірибелер, проблемалар және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияны басқарма төрағасы-ректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.П. Қожамжарова құттықтап, профессор-оқытушылар құрамын «Мұхтар Әуезов» төсбелгісімен марапаттады.
Факультет деканы мен ұжымның атына Шымкент университетінің ғылыми қызметінің проректоры, а.ш.ғ.д. Н.Н.Әжіметов; ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Түркістан облыстық филиалының директоры Ғ.Қ. Жұмжаев; «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС басқармасының төрайымы, а.ш..ғ.к. Ш.С. Қосқараева; Самарқанд мемлекеттік ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің «Ішкі жұқпалы емес аурулар» кафедрасының меңгерушісі, доцент Н.Б. Рузикулов; «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас директорының орынбасары Б.П. Ешімбетов; Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Е.А. Жәнібеков және түлектер құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыс пен секцияларда паразиттік ауруларды диагностикалаудың ғылыми-практикалық аспектілері (Санкт-Петербург мемлекеттік ветеринарлық медицина университетінің профессоры - Л.М. Белова), жаңа инновациялық жүйеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің агротехнологиялары (ҚР ауыл шаруашылығы академиясының академигі, ОБМШӨШҒЗИ БҒҚ- Д.А.Сыдық), суару кезінде суды үнемдеуге ықпал ететін тәсілдер (ҚР АШМ Оңтүстік Қазақстан гидро-геологиялық мелиоративтік экспедициясының техникалық бөлімінің бастығы - К.А. Анзельм), суды кешенді пайдалану (Измирдегі Эге университетінің PhD докторы - М.Қылыч), Өзбекстан ЖОО-мен ветеринария саласындағы ынтымақтастық (Самарқанд мемлекеттік ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің доценті - М.Исаев), өсімдік шаруашылығын орнықты дамытудың инновациялық тәсілдері (ҚР Ауыл шаруашылығы академиясының Яссауи білім тарату орталығының директоры, а.ш.ғ.к. – Б. М. Жұмаханов) қаралған баяндамалар тыңдалды.
Конференцияға қатысушылар өз баяндамалары мен хабарламаларында елдің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету қазіргі заманғы
экономикалық жағдайда саланы ғылыми-технологиялық дамыту, озық тәжірибені тарату және игеру негізінде жүргізілуі тиіс екенін атап өткен.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар қарар қабылдап, оны мақұлдап, қолданысқа қабылдады.